Көліктің алдыңғы әйнегіне тонировка жапсыруға рұқсат берілуі мүмкін

0
341

Қазір ІІМ оған салынған тыйым тарихын зерттеп жатыр.


Көліктің алдыңғы әйнегіне тонировка жапсыруға рұқсат берілуі мүмкін

ERNUR.KZ. Елімізде көліктің алдыңғы әйнегіне тонировка жапсыруға рұқсат берілуі мүмкін, деп жазады inbusiness.kz.

Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаевтың айтуынша, әлі нақты шешім қабылданбаған. Алайда ведомство аталған мәселені қарастырып жатыр.

"Тонировкаға рұқсат беру мәселесі бұрыннан бері көтеріліп келеді. Қазір ІІМ оған салынған тыйым тарихын зерттеп жатыр. Мәселені депутаттар да көтерген", – деді ол.

Қожаев кеден одағының регламентінде тоноровка мәселесі жазылғанын, оған шектеу жүргізуші, жолаушыны тануға кедергі келтіргені үшін қойылғанын айтады.

"Бұл қаншалықты мүмкін? Әлде қаншалықты зиян? Зерттеліп жатыр. Жақын арада біз сарапшылық қорытындымызды береміз", – дейді ол.