Енді міне ол өзінің жеке баспанасына қол жеткізіп отыр
ERNUR.KZ. Бүгін Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледж ұжымы ата-ана қамқорлығынсыз қалған бойжеткенге бір бөлмелі пәтердің кілтін сыйға тартты, деп жазады altaynews.kz.
Құны 2 млн 700 мыңтеңге тұратын бұл пәтер Семейдің Шығыс кентіндегі көпқабатты үйлердің бірінде орналасқан. Қомақты қаражатты жинау үшін педагогикалық колледждің барлық қызметкерлері Назеркенің жеке шотына бір күндік жалақыларын аударған екен.
Назерке Қостаева аталмыш оқу орнын «Педагог-ұйымдастырушы» мамандығы бойынша былтыр ғана бітірген болатын. Оқып жүрген кезінде колледждің жатақханасында тұрған. Енді міне ол өзінің жеке баспанасына қол жеткізіп отыр.