Колледждер АЭС-ке қажетті мамандарды даярлай бастайды

0
199

АЭС құрылысына 2030 жылға қарай 5 мыңға жуық адам қажет болады.


Колледждер АЭС-ке қажетті мамандарды даярлай бастайды

фото: Официальный аккаунт Назарбаев Университета в Facebook

ERNUR.KZ. Қазақстанда атом электр станциясына қажетті мамандарды даярлау басталады. Бұл туралы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәләмдеді, деп жазады sputnik.kz.
Министрдің айтуынша, АЭС құрылысына 2030 жылға қарай 5 мыңға жуық адам қажет болады. Ал 2032 жылы құрылыс шарықтау шегіне жетеді. Сол кезде 10 мыңға жуық адам жұмысқа тартылады.
“АЭС-ті пайдалану кезеңінде жоба кемінде 2 мың адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді”,— деді Сәтқалиев үкіметтің бүгінгі отырысында.
Мамандарды даярлау үшін колледждерде қажетті бағыттар ашылады.
Олар:
дозиметрист;
газтурбина слесары;
АЭС жабдықтарды жөндеу маманы;
ақпараттық технологиялар саласындағы мамандар;