Комитет Алматы әуежайындағы жағдайға қатысты түсініктеме берді

0
450

Жалпы 1 маусымнан бастап терминал 54 рейске қызмет көрсетті (1 маусым – 9 рейс, 5 маусым – 17 рейс).


Комитет Алматы әуежайындағы жағдайға қатысты түсініктеме берді

ERNUR.KZ. Авиация комитеті Qatar Airways әуе компаниясының жолаушыларды не себепті әбігерге салғанын, жаңа терминалға көшпегенін түсіндірді, деп жазады baq.kz.

Компания жаңа терминалға көшу мерзімін 11 маусымға шегерген. Алайда көшетін уақыты ауысқанын жолаушыларға алдын-ала ескертпеген.

Qatar Airways әуе компаниясы 3 маусымнан бастап жаңа терминалға көшу туралы электрондық хабарламаларды жолаушыларға мерзімінен бұрын таратқан. Алайда, шетелдік компания жүйелерді интеграциялауға үлгермей, аталған жұмыстар 11 маусымға шегерілді. 5 маусымда Qatar Airways әуе компаниясы жолаушыларға рейстер 11 маусымнан бастап жаңа терминалдан жүзеге асырылатындығы туралы хабарлама жіберген. Жолаушылардың 98%-ы хабарламамен танысқан, - дейді Азаматтық авиация комитеті.

Жалпы 1 маусымнан бастап терминал 54 рейске қызмет көрсетті (1 маусым – 9 рейс, 5 маусым – 17 рейс).

Барлық халықаралық (күніне шамамен 50 рейс) рейсті толық аудару кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, 20 маусымда аяқталады деп жоспарланып жатыр.

Алматы халықаралық әуежайы жаңа терминалдың ашылуына байланысты хабарлау кезіндегі түсініспеушіліктің алдын алуға тырысады және жолаушылардан уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрайды.