Компания шетелге 1 миллион еуродан аса ақша аударып, сот алдында жауап берді

0
94

Тексеріс нәтижесінде ұлттық және (немесе) шетел валютасын белгіленген мерзімде репатриациялау талабын орындамау дерегі анықталды, бұл әкімшілік құқық бұзушылыққа жатады.


Компания шетелге 1 миллион еуродан аса ақша аударып, сот алдында жауап берді

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Алматы облысында сот шетелге алдын ала төленген қаражатты уақтылы репатриацияламау (қайтармау) бабы бойынша ЖШС-ге қатысты істі қарады. Мәселе 1 100 000 еуроға қатысты болып отыр, деп жазады tengrinews.kz.

Сот мәліметінше, серіктестік пен шетелдік компания арасында жалпы құны 1 870 580 еуро (шамамен 951 451 811 теңге) болатын жабдықтарды дайындау және жеткізу туралы шарт жасалған. Шарттық міндеттемелерді орындау мақсатында серіктестік шетелдік компанияға үш траншпен 1 100 000 еуро (559 163 000 теңге) аударған. Алайда жабдықтар белгіленген мерзімде жеткізілмеген, ал ақшаны репатриациялау мерзімі 2026 жылғы 30 шілдеде аяқталған.

Тексеріс нәтижесінде ұлттық және (немесе) шетел валютасын белгіленген мерзімде репатриациялау талабын орындамау дерегі анықталды, бұл әкімшілік құқық бұзушылыққа жатады.

Талғар аудандық сотының қаулысымен ЖШС жауапқа тартылып, оған репатриациялауға жататын соманың 20 пайызы мөлшерінде, яғни 119 829 600 теңге айыппұл салынды. Бірінші сатыдағы сот қаулысымен келіспеген ЖШС апелляциялық шағым түсірді.

"Іс материалдары мен шағымда келтірілген уәждерді тексерген сот алқасы бірінші сатыдағы сот қаулысын жоюға немесе өзгертуге негіздер анықтамады", - деп хабарлады сот баспасөз қызметі.

Аудандық сот қаулысы өзгеріссіз, апелляциялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылды.