Композитор Арман Қайназаровтың өліміне қатысы бар күдікті ұсталды

0
955

Осыдан бірнеше ай бұрын әлеуметтік желіде араққа салынып, көшеде түнеген ақын әрі композитор Арман Қайназаровтың видеосы қоғамда қызу талқыға түскен еді.


Композитор Арман Қайназаровтың өліміне қатысы бар күдікті ұсталды

ERNUR.KZ. Әнші, композитор Арман Қайназаровтың өліміне қатысы бар күдікті ұсталды, деп жазады stan.kz.

Алматы қалалық полиция департаменті аталған дерек Алатау аудандық полиция басқармасына тіркеліп, ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

"Аталған қылмысты жасады деген күдікті ізін суытпай ұсталды. Ол қамауға алынды. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр",- деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Осыдан бірнеше ай бұрын әлеуметтік желіде араққа салынып, көшеде түнеген ақын әрі композитор Арман Қайназаровтың видеосы қоғамда қызу талқыға түскен еді. Осы уақытқа дейін қазақ эстрадасының жұлдыздарына көптеген хит ән жазған өнерлі жігіттің күні кеше өмірден озғаны расталды. Ол 4 қыркүйекте "Шаңырақ" шағынауданындағы кафе маңында жігіттермен төбелесіп, сол күні жансақтау бөліміне түскен. Кейін оның комаға түсіп, 19 қыркүйекте көз жұмғаны хабарланды.

Еске салайық, осы жылдың маусым айында әлеуметтік желіде оның аянышты жағдайдағы видеосы тараған болатын.