Қонаев қаласында қатты жел салдарынан төтенше жағдай жарияланады

0
94

Белгілі болғандай, 11-інен 12 желтоқсанға қараған түні желдің жылдамдығы секундына 23–25 метрге дейін жетіп, қала аумағында 30-дан астам апаттық жағдай тіркелген.


Қонаев қаласында қатты жел салдарынан төтенше жағдай жарияланады

Сурет: Қонаев қаласының әкімдігі

ERNUR.KZ. Алматы облысы Қонаев қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы қала әкімі аппаратының шешімі дайындалды, деп жазады zakon.kz.

Құжатта қатты желдің салдарынан Қонаев қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің шатырлары ұшып кеткені айтылып, осыған байланысты жергілікті деңгейде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланатыны көрсетілген.

Төтенше жағдай режимін енгізу қала билігіне мынадай жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік береді:

  • ғимараттар мен тұрғын үйлердің шатырларын жөндеу;
  • істен шыққан көше жарығының тіректерін ауыстыру;
  • темірбетон тіректер мен электр желілерін қалпына келтіру.

Аталған құжат 16 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық нормативтік құқықтық актілер" интернет-ресурсында орналастырылған.

Белгілі болғандай, 11-інен 12 желтоқсанға қараған түні желдің жылдамдығы секундына 23–25 метрге дейін жетіп, қала аумағында 30-дан астам апаттық жағдай тіркелген. Қатты желдің салдарынан электр қуаты өшіп, шатырлар ұшып, ағаштар құлаған, инженерлік желілер зақымдалып, жылумен қамту жүйесінде іркілістер болған. Сонымен қатар жеке тұрғын үйде өрт шығып, саяжай алқаптарында түрлі апаттар орын алған.