Қонаевта қашып бара жатқан прокурордың видеосы қызу талқыланып жатыр

0
467

Бастапқыда блогерлерге прокуратура қызметкерлерінің темекі шегіп, күлін жерге тастағаны ұнамаған.


Қонаевта қашып бара жатқан прокурордың видеосы қызу талқыланып жатыр

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде қашып бара жатқан прокурордың видеосы тарады, деп жазады tengrinews.kz.

Бастапқыда блогерлерге прокуратура қызметкерлерінің темекі шегіп, күлін жерге тастағаны ұнамаған. Артынша қызметкерлердің бірі ғимаратқа кіріп кеткен, ал екіншісі қаша жөнеледі.

Блогерлер бүкіл жағдайды видеоға түсіріп алған.

"Бір қызметкердің әрекеті бүкіл органның немесе ұйымның беделіне қалай нұқсан келтіруі мүмкін екеніне мысал", - делінген видео сипаттамасында.

Алайда видеоға қатысты қазақстандықтар пікірі екіге бөлінген.

"Қоғамдық орында темекі өнімдерін пайдалану, дұрыс, 27 600 теңге айыппұл. Неге қарапайым халық төлейді? Шенеуніктер төлемейді",

"Істерге ісі болмағасын, өзгенің ісіне килігетін мұндай операторларды жазалау керек. Прокурор да адам және жүгіруге, тұруға, отыруға және оның артынан жүгіргенде тоқтамауға құқылы", - деп жазған поқырман.

Желіде тараған видеоға қатысты Алматы облысының прокуратурасы мәлімдеме жасады.

"Қазіргі уақытта видеоға қатысы бар адамдардың барлығы анықталып, этикалық және басқа да құқық бұзушылықтар бар-жоғы тексеріліп, сарапталып жатыр. Тексеру нәтижелері бойынша прокурорлар мен басқа да тұлғалардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі", - деп хабарлады облыстық прокуратура.

Қадағалау органы тұрғындардан мерзімінен бұрын шешім қабылдамай, тексеру нәтижесін күтуді сұрады.