Қонаевта мектеп оқушылары жиналып төбелес шығарды

0
386

Қонаев қалалық білім басқармасы жанжалға қатысқан оқушылардың анықталғанын хабарлады.


Қонаевта мектеп оқушылары жиналып төбелес шығарды

ERNUR.KZ. Қонаевта мектеп оқушыларының жиналып, төбелескен сәті видеоға түсіп қалды, деп жазады inform.kz.

Видеодағы жазбада балалардың теміржол бойында жиналғаны жазылған.

«Біз 4-ші шағын ауданда тұрамыз. Арт жағымызда «Сити+» бар. Бұл жақта күнде дерлік балалар төбелеседі. Тіпті бірін-бірі өлтіруге шақ қалады. Оларды көрген сайын ұрысамыз, қуып жібереміз, бір нәрсе болып қалмасын деп арттарынан қуамыз. Біз бұған дейін видеоға түсірмегенбіз. Бүгін тағы қайталанған соң, түсіріп алдым. Ұлды жерге құлатып, ұра бастаған соң, оларды тағы қуа бастадық. Олар қашып кетті. Бұл нағыз мәселе әрі қорқынышты», - делінеді жазбада.


Қонаев қалалық білім басқармасы жанжалға қатысқан оқушылардың анықталғанын хабарлады.

«Мектеп әкімшілігі оқушылармен қатар, олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгіме өткізіп жатыр. Аталған мәселе бақылауда», - деп хабарлады Қонаев қалалық білім басқармасы.