Қонаевта төтенше жағдай жарияланды

0
89

12 желтоқсанға қараған түні қатты желдің салдарынан бірқатар тұрғын үйлер мен ғимараттың шатырлары зақымданған болатын.


Қонаевта төтенше жағдай жарияланды

ERNUR.KZ. Қонаевта төтенше жағдай режимі енгілізді, деп жазады sputnik.kz.

11 желтоқсаннан 12 желтоқсанға қараған түні қатты желдің (жел екпіні 25 м/сек-тен асты) салдарынан бірқатар тұрғын үйлер мен ғимараттардың шатырлары зақымданып, көше жарығының бағаналары істен шыққан болатын.

Азаматтық қорғау туралы заңға сәйкес, Қонаев қаласының әкімі табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады.

"17 желтоқсаннан бастап жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай ресми түрде жарияланды. Төтенше жағдай резервінен бөлінген қаражат есебінен зақымданған нысандарда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі", - делінген хабарламада.

Қалада 11 желтоқсаннан бастап коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қазіргі таңда Қонаев қаласындағы жағдай тұрақты: электр энергиясы, ауыз су және жылумен қамту жүйелері штаттық режимде жұмыс істеп тұр, деді әкімдік.