Қонаевта жоғары сынып оқушылары жасы кіші балалардан ақша бопсалаған

0
877

Қонаев қалалық білім басқармасы осы жағдайға қатысы бар балалардың кім екені анықталғанын мәлімдеді.


Қонаевта жоғары сынып оқушылары жасы кіші балалардан ақша бопсалаған

ERNUR.KZ. Қонаевтағы мектептердің бірінде жоғары сынып оқушылары кіші сынып оқушыларынан ақша бопсалаған. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп жазады inform.kz.

Автордың айтуынша, Алматы облысы, Қонаев қаласындағы №4 Қасым Қайсенов атындағы орта мектептің оқушылары директор орынбасарының жиені үнемі ақша бопсалап жүргеніне шағымданаған.

Қонаев қалалық білім басқармасы осы жағдайға қатысы бар балалардың кім екені анықталғанын мәлімдеді.

«Аталмыш факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы (Бопсалау) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Балаларға психологиялық көмек те беріледі. Ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», - деп жауап берді білім басқармасынан.

Сондай-ақ, М. есімді баланың мектеп директорының орынбасарының туысы емес екені айтылды.