Көп балалы аналар былтыр өрттен қаза болған бес сәбиге арнап ас берді

0
842

"Былтыр үлкен қайғы болды. Оны ұмытуға хақымыз жоқ деп ойлаймын".


Көп балалы аналар былтыр өрттен қаза болған бес сәбиге арнап ас берді

ERNUR.KZ. 5 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласындағы дәмханалардың бірінде көп балалы аналар былтыр өрттен қаза болған бес сәбиге арнап, ас берді. Оған жүзге жуық адам жиналды. Арасында әкімдік өкілдері де болды, деп жазады azattyq.org.

Аналардың айтуынша, имам шақырып, құран оқытуға қажетті шығынды өздері көтерген. Әркім жағдайына қарай 500,1000, 2000 мың теңгеден қосылған.

- Былтыр үлкен қайғы болды. Оны ұмытуға хақымыз жоқ деп ойлаймын. Сондықтан шыдай алмай, аналар болып жиналып, шын ықыласпен құран бағыштайық деп ниет еттік. Айтуға да ұят шығар, бірақ бұл оқиғадан кейін халық оянып, құқықтарын талап ете бастады, жәрдемақыға, атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізді. Бұл оқиғаны ешқашан ұмытпауымыз керек, - деді еске алу шарасын ұйымдастырушылардың бірі Айжамал Сареева.

Еске салайық, өткен жылы 4 ақпанға қараған түні астана маңындағы Көктал-1 ықшамауданында көмірмен жылынатын жер үйден өрт шығып, бір отбасының бес қызы қаза болған.