​Көпбалалы аналар балалары 18 жастан асып кетсе де жәрдемақы алады

0
4 850

Басты ерекшелігі - ол өмір бойына беріліп тұрады.


​Көпбалалы аналар балалары 18 жастан асып кетсе де жәрдемақы алады

ERNUR.KZ. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова көпбалалы аналарға мемлекеттік бюджеттен жәрдемақының қалай тағайындалатыны жөнінде пікір білдірді, деп жазады NUR.KZ.

"Тарап кеткен ақпарат тек қана жәрдемақының бір түріне ғана қатысты болған. Ол алты және одан да көп бала туған, "Күміс алқа" мен "Алтын алқа" белгісіне ие болған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы" , - деді министр.

Сонымен бірге, Әбілқасымова жәрдемақыға тағы да "Ана даңқы" орденін алып, "Батыр ана" атанған әйелдер ие бола алатынын жеткізді.

"Бүгінде елімізде бұл құрмет белгісіне ие 237 мың ана бар. Бұл - ай сайын беріліп отыратын арнайы аналар жәрдемақысы. Басты ерекшелігі - ол өмір бойына беріліп тұрады.

Яғни, тіпті зейнеттік жасқа жетіп, не болмаса балалардың 18 жастан асып кетсе де ай сайын төлем жасалынып тұрады", - деді Мадина Әбілқасымова.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің мәлімдеуінше, 2018 жылы Қазақстанда 237 мың көпбалалы ана 42 млрд теңге көлеміндегі жәрдемақыны алды.