Қордайда жаңбыр кезінде үстіне қора құлаған жас жігіттің жағдайы өте ауыр

0
663

Науқас реанимацияда жатыр.


Қордайда жаңбыр кезінде үстіне қора құлаған жас жігіттің жағдайы өте ауыр

ERNUR.KZ. Қордай ауданына қарасты Бетқайнар ауылында болған сел кезінде 18 жастағы жігіттің үстіне ескі сарайдың қабылғасы құлап, ауруханаға түскен, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қазір жігіттің халі нашар.

Қордай аудандық ауруханасының хабарлауынша, 2006 жылы туған науқасты дәрігерлер тексеріп, реанимацияға жатқызған. Жігіт ашық бас-ми жарақатын алған, басы мен бетінің сүйектері, омыртқасы сынған, аяғы сал болып қалған, зәр шығару органдарының қызметі бұзылған. Науқастың жағдайы ауыр.

Еске салсақ, 17 шілде кешке Жамбыл облысында толассыз жауған жаңбырдың арты селге ұласып, 700-ге жуық мал басын су ағызып кеткен. Сондай-ақ ағын су салдарынан «Соғанды-Бетқайнар» автожолындағы көпір бүлінген. Үйлерде электр жарығы өшіп, 219 үй мен 2 әлеуметтік нысан газдан ажыраған.