Қордан алынған зейнетақы жинағын пайдалану мерзімі қысқарды

0
590

​Біраз бұрын қазақстандықтар зейнетақы төлемдерін мақсатқа сай пайдаланғанын 45 күн ішінде растауы керек болатын. Енді бұл мерзім қысқарды.


Қордан алынған зейнетақы жинағын пайдалану мерзімі қысқарды

ERNUR.KZ. БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинағын пайдалану мерзімі 45 күннен 20 күнге қысқарды, деп жазады sputnik.kz.

"Біржолғы зейнетақы төлемі арнайы шотқа түскеннен кейін ол қаражатты 20 жұмыс күні ішінде мақсатқа сай пайдалану мүмкіндігі болады. 20 жұмыс күнін есептеу онлайн-платформада өтініш жіберген сәттен емес, біржолғы зейнетақы төлемі арнайы шотқа түскен сәттен бастап есептеледі", - деп жазылған хабарламада.

Арнайы шот ашу үшін банкке келудің қажеті жоқ екені де айтылған. Ол үшін мобильді қосымшаны пайдалануға немесе www.otbasybank.kz сайтындағы видеоқоңырау арқылы шот ашуға да болады.

Сонымен қатар біржолғы зейнетақы төлемінің статусын чат-бот арқылы тексеру мүмкіндігі қарастырылған.

"Сондай-ақ enf-obasybank.kz зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын қолдану платформасында жолдаған өтініштің орындалу деңгейін тексеру үшін +7 705 925 13 01 WhatsАpp нөміріне немесе Telegram-дағы Quanysh_bot ботына жазу қажет", - деп түсіндірді Отбасы банкте.

Отбасы банк (бұрынғы "Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі) – тұрғын үй құрылыс жинағы жүйесін жүзеге асыратын елдегі жалғыз банк екенін атап өту керек.

Зейнетақы жинағын депозитке аудару

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын 16 желтоқсаннан бастап "Отбасы банкіндегі" депозитке аудара алатыны туралы белгілі болды. Бұл туралы банктің басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді.

Оның айтуынша, бір реттік зейнетақы төлемін пайдалану ережесіне өзгерістер енгізу процесін жеделдету туралы шешім қабылданды.

Депозитке ақша аудару 2021 жылдың 16 желтоқсанынан басталады.

Қазақстан президенті қыркүйектегі жолдауында қазақстандықтардың зейнетақы жинағының бір бөлігін жеткілікті шектен асқан жағдайда "Отбасы банк" шотына аудара алатыны туралы айтқан. Тоқаевтың сөзінше, бұл шара қаражат жинау және оны сауатты басқаруға ынталандырады.

БЖЗҚ-дағы шекті меже

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинағының шекті межесін көтеру туралы шешімге қатысты көпшіліктің өтінішіне құлақ асты. Бұл туралы 9 желтоқсанда президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Шекті меже 2022 жылдан бастап ең төменгі жалақының өсуіне байланысты көтеріледі. Зейнетақы жүйесінің негізгі міндеті – азаматтарды зейнетке шыққаннан кейін қажетті жеткілікті табыспен қамтамасыз ету екені белгілі. Сондықтан зейнетақы жинағының шекті межесін көтеру жөніндегі шешім – осы бағыттағы дұрыс қадам болып отыр.

Мемлекет басшысы зейнетақы қорындағы шекті межеден асқан қаржысын пайдаланып үлгермеген азаматтарды қолдады. Үкіметке бұрынғы шекті межені көтеру мерзімін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартуды тапсырды", - деп жазды хабарлады президенттің баспасөз хатшысы.

Еске салсақ, 2021 жылдың 3 желтоқсанында Қазақстанда 2022 жылы зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға арналған шекті меже күрт өсетіні белгілі болды.