Қорғаныс министрі апатқа ұшыраған жойғыш ұшаққа қытысты пікір білдірді

0
53

25 ақпанда Қарағанды облысында жоспарлы оқу-жаттығу ұшулары кезінде Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады.


Қорғаныс министрі апатқа ұшыраған жойғыш ұшаққа қытысты пікір білдірді

Фото: Tengrinews.kz

ERNUR.KZ. Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағының апатқа ұшырауына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол бүгін Ақорда кулуарында журналистерге жауап берді, деп жазады tengrinews.kz.

Қорғаныс министрінің айтуынша, арнайы комиссия тергеу жүргізіп жатыр, ол аяқталған соң барлық мән-жай жария етіледі.

"Ешқандай қателік болған жоқ. Бұл - жаңа ұшақ. Ресейде өндірілген Су-30СМ 2022 жылы жеткізілген. Ұшақ 230 сағат ұшу уақытын орындаған. Ең бастысы ұшқыштар зардап шеккен жоқ, олар аман", - деді министр Дәурен Қосанов.

Не болған?

25 ақпанда Қарағанды облысында жоспарлы оқу-жаттығу ұшулары кезінде Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Ресми деректерге сәйкес, әуе кемесінің экипажы дер кезінде катапульт жасап үлгерген.