Қорғаныс министрлігі әскерилердің жалақысы өсетінін жариялады

0
110

Офицерлердің және қатардағы және сержанттық құрамның жалақысы өседі.


Қорғаныс министрлігі әскерилердің жалақысы өсетінін жариялады

Фото: Tengrinews.kz / Турар Казангапов

ERNUR.KZ. Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілердің жалақысы өсетінін жариялады, деп жазады tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, офицерлердің және қатардағы және сержанттық құрамның жалақысы өседі.

"2026 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі аясында жалақыны арттырудың екінші кезеңі іске асады. Яғни, офицерлер үшін тағы 23 пайызға, ал қатардағы және сержанттық құрам үшін бірінші кезең деңгейінен 10 пайызға өсіру көзделген", - делінген хабарламада.