Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында айтылды.
ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев құс тұмауы мен коронавирустың байланысы туралы айтты, деп жазады Stan.kz.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында мамандар "Коронавирустың құс тұмауының таралуына әсері бар ма?" деген сұраққа жауап берді.
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиевтің сөзінше, бұл екі вирус бір-бірімен байланысы жоқ вирустар. Олардың таралуы да әртүрлі. Бірі құстарға әсер етсе, енді бірі адамдар арасында таралады.
"Коронавирус пен құс тұмауы бір-бірімен байланысты емес. Коронавирус адамдар арасында таралса, құс тұмауы тек құстарға жұғып жатыр. Яғни коронавирусты тасымалдайтын адамдар, құстар емес", - дейді Тимур Сұлтанғазиев.