Коронавирус жұқтырған қазақстандықпен бір бортта болған 14 азамат қай өңірлерден табылды

0
1 126

14 азаматымыз өңірлерге тарап кеткен.


Коронавирус жұқтырған қазақстандықпен бір бортта болған 14 азамат қай өңірлерден табылды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова коронавирус жұқтырған қазақстандықпен бір бортта болған 14 азаматтың қай өңірлерге тарап кеткенін айтып берді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Олар сау азаматтар. Олар коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болғандар. 14 азаматымыз өңірлерге тарап кеткен. Олар барған жерінде анықталып, стационарларға оқшауланды. Олар Алматы, Атырау, Степнагорск және Қарағанды қалаларында», - деді Сәуле Қисықова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетсек, бұған дейін Миланнан Мәскеу-Нұр-Сұлтан әуе рейсі арқылы ұшып келген қазақстандық әйелден коронавирус инфекциясы анықталған еді. Ал бортта 89 жолаушы болған. Оның 14-і Қазақстанға келгеннен кейін өңірлерге тарап кеткен.

Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрі 14 наурызда елордада өткен баспасөз мәслихатында Елжан Біртанов Қазақстанда екі адамның коронавирус жұқтырғанын жеткізген еді. Көп өтпей Милан қаласынан Нұр-Сұлтанға келген тағы бір қазақстандықтан коронавирус инфекциясы табылды.

Кейін Германиядан ұшып келген Қазақстанның тағы бір азаматынан коронавирус анықталды. Осылайша бұл дертке шалдыққандар саны 4 адамға жеткен еді.