Коронавирус жұқтырғандар үшін салынып жатқан аурухана төңірегінде дау туды

0
873

Сенат депутаттары тез салынатын аурухананың "Сақ қорғандары" аумағында бой көтеруіне наразылық білдірді.


Коронавирус жұқтырғандар үшін салынып жатқан аурухана төңірегінде дау туды

ERNUR.KZ. Сенаттың бір топ депутаты Алматыда COVID-19 жұқтыруы ықтимал және науқас адамдармен байланыста болғандарға арналған аурухананың құрылысына қатысты қатысты үкімет басшысы мен қала әкіміне хат жолдады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Халық қалаулылары аурухананың "Сақ қорғандары" аумағында салынып жатқанына алаңдаушылық білдірген.
"Біріншіден, тез салынатын бұл аурухананың жобалау-сметалық құжаттары мен келісімшарты әлі жасалмаған. Екіншіден, аталған аурухана Алматыдағы тарихи мәні зор "Сақ қорғандары" аумағында салынатыны қоғамдық жұртшылықты да, сенат депутаттарын да қатты алаңдатып отыр", - деп мәлімдеді жоғары палатаның баспасөз қызметінен.
Депутаттар "Сақ қорғандары" Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен тарихи ескерткіштер тізіміне енгізілгенін атап өтті.
Осыған орай, сенаторлар премьер-министр мен Алматы әкімінен аурухана құрылысының заң талаптарына сай жүргізілуін сұраған. Қажет болса, тарихи ескерткіштер орналасқан аумақта құрылысты тоқтатып, басқа жер телімін іздеу керектігін айтты.
Алматы әкімдігі не дейді
16 сәуірде Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров модульді аурухана құрылысының барысымен танысып қайтты. Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов госпиталь жақын орналасқан қорған кешеніне әсер етпейтінін айтты.
Заместитель акима города Алматы Ержан Бабакумаров посетил строительную площадку новой модульной больницы, предназначенной для контактных и лиц с подозрением на COVID-19
"Қорған кешені тарихи-мәдени қордың бас жоспарына сәйкес қорғалуда. Ауруханадан қорғандарға дейінгі қашықтық 150 метрден асады. Қорғандардың күзет аймағы 50 метрді құрайды. Барлық ереже сақталып отыр", - деп сендірді ол.
Қаланың мәдениет басқармасы да бұл ақпаратты растады. Құрылыс басталар алдында Алматы қорғандарының айналасындағы қорғау аймақтары ескерілген.
"Біз құрылыс жоспарымен таныстық. Аурухана аумағы толығымен қоршалады. Қорғанға дейінгі шекаралық аймақ 150 метр қашықтықта орналасқан. Қорғандардың күзет аймағы бөлек болады. Аурухана құрылысы қорғандарға ешқандай қауіп төндірмейді", - деді Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының бас ғылыми қызметкері Арнабай Нұржанов.
Қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Алматы аумағында орналасқан қорған кешендерін одан әрі дамыту және қорғау кеңесін құруды ұсынды.
Еске салсақ, осы жылдың 3 сәуірінде президент жанындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия коронавирустың таралуына қарсы күрес шараларын жүзеге асыру аясында Алматы қаласының аумағында госпиталь салу туралы шешім қабылдаған болатын.