Коронавируспен ауырып жатқан науқастар қалай дауыс береді

0
2 024

Сайлаушыларға қажет болған жағдайда жеке қорғаныш құралдары (бір рет қолданылатын қорғаныш маскасы, қолғап, қалам) беріледі.


Коронавируспен ауырып жатқан науқастар қалай дауыс береді

ERNUR.KZ. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясовтың қаулысымен коронавируспен ауырып жатқан науқастардың дауыс беру алгоритмі бекітілді, деп жазады ҚазАқпарат.

Аталған қаулыға сәйкес, сайлау комиссиясының мүшесі сайлаушылардан денсаулық жағдайы немесе отбасының науқас мүшесіне күтім жасау себебімен келген жері бойынша дауыс беру туралы өтінішті қабылдай отырып: үйде емделуіне немесе КВИ бойынша карантинде болуына байланысты өзін-өзі оқшаулау режимі нұсқамасының болуы туралы ақпаратты нақтылауы; санитариялық қауіпсіздік шараларының сақталуын ескере отырып, дауыс беру рәсімін түсіндіруі тиіс.

Сайлау учаскесінен тыс жерде дауыс беруді ұйымдастыру үшін шығуды жүзеге асыратын сайлау комиссиясының мүшелері жеке қорғаныш құралдарымен (бір рет қолданылатын халаттар, қорғаныш маскалары, бір рет қолданылатын қолғаптар, қолға арналған антисептикалық құралдар) қамтамасыз етіледі.

Сайлаушыларға қажет болған жағдайда жеке қорғаныш құралдары (бір рет қолданылатын қорғаныш маскасы, қолғап, қалам) беріледі. Сайлаушының жеке басын куәландыратын құжат сайлау комиссиясының мүшесіне онда көрсетілген мәліметтерді қарауға мүмкіндік беретін қашықтықтан ұсынылады. Бұл ретте сайлаушы жеке басын растау үшін масканы уақытша шешеді.

Үйде емделуіне немесе КВИ бойынша карантинде болуына байланысты өзін-өзі оқшаулау режиміндегі сайлаушыларға шығу кезінде дауыс беру пәтерге (үйге) кірмей ұйымдастырылуы тиіс. Мұндай дауыс беруді байланыссыз тәсілмен, мысалы, саты алаңында (үй маңындағы аумақта) дауыс беруге қатысушыға дауыс беруге арналған бюллетеньді және үй-жайдан тыс жерде дауыс беру туралы өтінішті беру, содан кейін одан өтінішті алу және бюллетеньді тасымалданатын жәшікке салу арқылы өткізуге болады.

Дауыс беруге арналған бюллетеньді алғанға дейін дауыс беруге қатысушы маска тағып, қолын антисептикпен өңдеуі тиіс. Жоғарыда көрсетілген әрекеттерден кейін учаскелік комиссия мүшелері міндетті түрде қолдарын, тасымалданатын жәшіктің беттерін дезинфекциялайды. Жеке қорғаныш құралдарын қайта пайдалануға жол берілмейді. Көрсетілген жеке қорғаныш құралдары тығыз жабылатын контейнерге немесе одан әрі кәдеге жарату үшін бакқа салынуы тиіс.

Стационарлық емдеу мекемелерде құрылған сайлау учаскелерінде дауыс беруді ұйымдастыру карантиндік талаптар қатаң сақталған жағдайда өткізіледі.