Қыркүйек пен қазан айында тыныш болады.
Елімізді наурыздан бері әуре-сарсаңға салған коронавирустың екінші толқыны шамамен желтоқсанда басталуы мүмкін, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы осмындай болжам жасап отыр. Орталық директорының бірінші орынбасары Бауыржан Жүсіповтың айтуынша, қыркүйек пен қазанда тыныш болады. Ал қараша айында алғашқы белгілер көрінуі мүмкін.
Дегенмен, ғалымның ойынша ғалым жұрт бетперде киіп, арақашықтық сақтап, санитарлық нормаларды бұлжытпай орындаса, коронавирустың екінші толқыны болмауы да мүмкін.
"Қазақстан маусым-шілде айларында бұл індеттің шарықтау шегінен өтті. Бұл алғашқы әрі негізгі толқын болды. Осы уақыт ішініде еліміздің денсаулық сақтау жүйесі біраз тәжірибе жинады.Сондықтан вирустың екінші толқыны қатты қарқын алмайды" - дейді маман.