Иранда бес күндік аза тұту күні жарияланды.
ERNUR.KZ. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Иран президенті Ибрагим Раисиді жерлеу рәсіміне қатысады, деп жазады baq.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Иран президенті Ибрагим Раисиді жерлеу рәсіміне қатысады, - деді Мәжілістің баспасөз қызметі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Иран Ислам Республикасының елшілігіне барып, Президент Ибрахим Раиси мен Үкімет делегациясы мүшелерінің тікұшақ апаты салдарынан қаза табуына байланысты иран халқына көңіл айтты.
Ал Иранда бес күндік аза тұту күні жарияланды.