Бала ата-ана қарауынсыз қалған.
ERNUR.KZ. Қостанай облысының Әулиекөл ауданында үш жасар қыз құдықтағы суға батып кеткен, деп жазады ҚазАқпарат.
Оқиға Тимофеевка ауылында болды. Ведомствоның мәліметінше, бала ата-ана қарауынсыз қалған.
«Жеке тұрғын үй секторының ауласындағы техникалық құдықтан 2016 жылы туған қыздың денесі шығарылды. Ол сағат 13:00 барысында құдыққа құлап кеткен-деді ТЖД баспасөз хатшысы Уәлихан Досанов.
Аталмыш дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тағы бір оқиға Қостанай қаласындағы «Ақ-Шаңырақ» демалыс орнында болған. Тобыл өзенін бақылап жүрген құтқарушылар қамыс арасынан 35-40 жастағы ер адамның мәйітін тапқан. Сараптама жұмыстары белгіленіп, кісі өлімінің нақты себептері анықталып жатыр.