Қостанай облысында әйел адам өз үйінде өртеніп кетті

0
988

Әулиекөл ауылындағы тұрғын үй таңға жуық өртке оранған.


Қостанай облысында әйел адам өз үйінде өртеніп кетті

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Қостанай облысындағы аудандардың бірінде қайғылы жағдай орын алды. Тілсіз жау салдарынан әйел адам өз үйінде тірідей өртеніп кетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әулиекөл ауылындағы тұрғын үй таңға жуық өртке оранған. Бір сағатқа жуық уақыт бойы қызыл жалын сөндірілмеген.

Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар тек сағат 10-ға қарай қызыл жалынды ауыздықтай алыпты.

Өкінішке орай, үй қожайының денесі өрт сөндірілген соң табылған. Ол үйдің ішінде тірідей жанып кетіпті.

Арнайы мамада өрттің себебін әзірге атамаған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Марқұм әйелдің мәйіті сараптамаға жіберілген.