Қостанай облысында өрттен бес баласынан айырылған анаға пәтер берілді

0
208

Қайғылы оқиғадан кейін арнайы құрылған мобильді топ көпбалалы және әлеуметтік осал отбасыларды аралап, көмірқышқыл газын анықтайтын құрылғыларды тексеріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізілген.


Қостанай облысында өрттен бес баласынан айырылған анаға пәтер берілді

ERNUR.KZ. Жітіқарада өрт салдарынан бес баласынан айырылған анаға пәтер беріліп, материалдық көмек көрсетілді, деп жазады Stan.kz.




Қайғылы оқиғадан кейін арнайы құрылған мобильді топ көпбалалы және әлеуметтік осал отбасыларды аралап, көмірқышқыл газын анықтайтын құрылғыларды тексеріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізілген.

Жітіқара ауданының әкімі анаға материалдық көмек көрсетіліп, өтемақы төленгенін хабарлады. Үлкен ұлымен үйсіз қалған әйелге, екі кәсіпорын екі бөлмелі пәтер сыйлаған. Сонымен қатар, тұрмыстық техника мен жиһазбен қамтамасыз етілген. Қазір отбасы мүшелері толыққан. Әкесі жақында түрмеден босатылған. Аудан басшысы қайғылы оқиғаға дейін отбасы әлеуметтік қызметкерлердің бақылауында болғанын, алайда ол жағдайы жақсы деп саналғанын айтты. Анасы дүкенде жұмыс істеп, балалары мектепте оқыған.