Қостанай облысында түрлі салада тиімді инфрақұрылымдық жобалар іске асып жатыр

0
184

Сондай-ақ Қ.Ақсақалов өңірдегі білім беру саласындағы жетістіктер жайында баяндады.


Қостанай облысында түрлі салада тиімді инфрақұрылымдық жобалар іске асып жатыр

ERNUR.KZ. Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жобаларды іске асыру бойынша жұмыстарға тоқталды.

«Жыл басынан бері 80 сквер мен саябақ абаттандырылды, 164 балалар және спорт алаңы салынды, 108 көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеті жөнделді, 143,9 мың жасыл желек отырғызылды, 8,5 мың көше шамы орнатылды. «Таза Қазақстан» бағдарламасы облыстағы оң өзгерістердің нақты құралына айналды. Осы бағдарламаның арқасында облыс орталығы ғана емес, сонымен қатар өңірдің қалалары, аудандары мен ауылдары да өзгеруде», – деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ Қ.Ақсақалов өңірдегі білім беру саласындағы жетістіктер жайында баяндады.

Мәселен, үш жыл ішінде облыста 6 мың орынға арналған 9 мектеп салынды, оның 7 ағымдағы жылы салынды.1,9 мың орынға арналған тағы 2 мектептің құрылысы жалғасуда. Сонымен қатар 3 жыл ішінде 2,2 мың орынға арналған 14 балабақша салынды. Нәтижесінде, 2-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 96,4%-ға дейін, 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 100%-ға дейін артты. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін Қостанай қаласында «IQostanay» SMART-орталығы, Тобыл қаласында «Балалар әлемі» балалар шығармашылық орталығы, Жангелдин ауданының Торғай ауылында «Жас өркен» шығармашылық үйі жұмыс істейді.

Оған қоса, үш жылда облыста 35 денсаулық сақтау объектісі салынды. Қазір мұнда 3 оңалту орталығы жұмыс істейді. Қостанай қаласында 60 орындық оңалту орталығы және аутизмі бар балаларға арналған 200 орындық орталық, ал, Арқалық қаласында «Қамқорлық» оңалту орталығы бар. Оның жабдықтары мен жиһазы «Қазақстан халқына» қоры есебінен сатып алынды.

«Өңірге медицина қызметкерлерін тарту жұмысы жалғасуда. Облыстың оңтүстік өңірлерінің дәрігерлері үшін көтерме жәрдемақыны ұлғайттық: аса тапшы мамандарға – 8,5 млн теңгеге дейін, қалада – 5 млн теңгеге дейін, ауылда – 7 млн теңгеге дейін. 2023 жылдан бастап облыс бойынша дәрігерлердің тапшылығы 2 есеге төмендеді – 312-ден 152-ге дейін. Өткізіліп жатқан іс-шаралар денсаулықтың негізгі көрсеткіштеріне оң әсер етеді», – деді спикер.

3 жыл ішінде мына көрсеткіштер төмендеді:

  • жалпы өлім-жітім 2,4%-ға;
  • нәресте өлімі 13,3%-ға;
  • туберкулезден болатын өлім-жітім 25%-ға;
  • қан айналым жүйесі ауруларынан 22,4%-ға.