Қостанай облысының бүкіл қалаларында полиция шақыратын дабыл батырмасы орнатылады

0
605

Мұндай sos-батырмалар қылмыстарды жедел елеу үшін орнатылуда.


Қостанай облысының бүкіл қалаларында полиция шақыратын дабыл батырмасы орнатылады

ERNUR.KZ. Дабыл батырмасы Жітіқара қаласында орнатылып, табысты қызмет атқарып тұр. Алдағы уақытта мұндай батырмалар Қостанай, Арқалық және Лисаков қалаларында орнатылады, деп жазады ҚазАқпарат.

Қостанай облысы полиция департаменті бастығының кеңесшісі Елена Кашаринаның баяндауынша, мұндай sos-батырмалар қылмыстарды жедел елеу үшін орнатылуда.

Алғашқы батырма әзірге Жітіқарада ғана бар, бірақ оның жұмысы белгілі бір нәтиже көрсетіп жатыр.

«Дабыл батырмасының қызметі нәтижесін көрсетуде. Қала орталығында бес әкімшілік құқықбұзушылық – тыныштықты бұзу, спирттік ішімдіктер ішу, ұсақ бұзақылық фактілері болдырылмады», - деп мәлімдеді Е.Қашарина.

Жітіқарада дабыл батырмасы қала орталығында – шағын базар аумағында орнатылған.

Орынды Жітіқара аудандық әкімдігі полиция бөлімімен бірге анықтаған.

Дабыл батырмасын басқанда, құқық бұзушылық туралы хабарлап немесе көмек шақыртуға болады.

Е.Кашаринаның айтуынша, болашақта мұндай батырмалар бүкіл облыста, бірінші кезекте – Қостанай, Арқалық, Лисаковта, одан кейін аудан орталықтарында орнатылмақ.

Сондай-ақ мұндай батырмалар Нұр-Сұлтан қаласында да орнатылғанын айта кету керек.