​Қостанайда баспалдақтан құлаған бала басының сол жақ сүйегі сынды

0
1 379

Оқиға Қостанай қаласы мектептерінің бірінде болған.


​Қостанайда баспалдақтан құлаған бала басының сол жақ сүйегі сынды

ERNUR.KZ. Қостанайда 2011 жылы туған оқушы баспалдақтан құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат


«Оқушы облыстық балалар ауруханасының жарақат бөліміне жеткізілді. Ауруханаға бас ауру диагнозымен түсті. Жалпы мидың симптоматикасы анықталмады. Бас сүйегінің рентгенографиясы жасалды, сол жақ сүйегінің сынғаны белгілі болды», - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Бала бірден ауруханаға жатқызылып, одан әрі тексеру жүргізілді. Оны нейрохирург қарады. Нәтижесінде жабық бас сүйек ми жарақаты диагнозы қойылды. Оқушыға консервативті терапия көрсетіледі.