Қостанайда айтыскер ақын Салтанат Өтелбаева мен жолдасы жол апатынан көз жұмды

0
126

Әріптестері арасында зор құрметке ие болған Салтанат Өтелбаева ашық мінезді, мейірімді әрі парасатты жан ретінде есте қалды.


Қостанайда айтыскер ақын Салтанат Өтелбаева мен жолдасы жол апатынан көз жұмды

Фото: Facebook.com/ Марғұлан Оспанов

ERNUR.KZ. Айтыскер ақын, мәдениет саласының үздігі, тарих ғылымдарының магистрі, Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейі басшысының орынбасары Салтанат Өтелбаева жол-көлік оқиғасынан қаза тапты, деп жазады inform.kz.

Қаралы хабарды әріптесі Марғұлан Оспанов әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді.
– Бүгін айтыскер ақын, мәдениет саласының үздігі, тарих ғылымдарының магистрі, Ыбырай Алтынсарин музейі басшысының орынбасары Салтанат Өтелбаева жол апатына түсіп, жұбайы Мырзабек Қасымов екеуі де қаза тапты, – деп жазды ол.

Марғұлан Оспановтың айтуынша, Салтанат Амантайқызы саналы ғұмырын мәдениет пен музей ісіне, тарихи-мәдени мұраны сақтау мен насихаттауға арнаған.

Ол өз ісінің білікті маманы ретінде жоғары кәсібилігімен, жауапкершілігімен және ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленді. Оның жетекшілігімен музейде көптеген маңызды жобалар, көрмелер мен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүзеге асырылды.

Әріптестері арасында зор құрметке ие болған Салтанат Өтелбаева ашық мінезді, мейірімді әрі парасатты жан ретінде есте қалды.

– Оның адал еңбегі, туған елге деген сүйіспеншілігі мен азаматтық ұстанымы кейінгі буынға өнеге болып қала береді. Отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын, – деді әріптесі.