Қостанайда ер адам пышақ жарақатынан қайтыс болды

0
988

Ер адам пышақ жарақатынан бірнеше минутта қайтыс болған.


Қостанайда ер адам пышақ жарақатынан қайтыс болды

ERNUR.KZ. Қостанайда 14 шілдеде таңғы 6:00 шамасында "Изюм" кафесінің алдында ер адам қайтыс болды, деп жазады tengrinews.kz.

Басылым мәліметінше, 34 жастағы ер адамның шап тұсына пышақ ұрған, соның салдарынан ол ауруханаға барар жолда қайтыс болған.

Әлеуметтік желіде тараған бейнебақылау камерасы түсірген видеода төрт адамның жанжалдасқанын, артынша төбелескенін көруге болады. Солардың бірі қайтыс болған адамға пышақ ұрған. Күдіктілер ұсталған және кінәсін мойындаған.