​Қостанайда мектеп оқушысы із-түссіз жоғалып кетті

0
1 505

Ол орталық саябаққа қарай бағыт алған.


​Қостанайда мектеп оқушысы із-түссіз жоғалып кетті

Қостанайлық тәртіп сақшылары 14 жасар балаға іздеу салды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

2004 жылы туған Николай Шенкель кеше қаладағы Әл-Фараби көшесіндегі үйінен шығып кеткен. Ол орталық саябаққа қарай бағыт алған. Баладан әлі күнге дейін хабар жоқ. Ата-анасы бірден полицияға хабарласты.

Дәрігерлер балаға «Церебральді сал ауруы» диагнозын қойған.

Николай Шенкельдің үстінде жасыл жейде, көк түсті джинсы шолақ шалбар, резеңке аяқ киім болуы мүмкін. Облыстық ІІД қызметкерлері жоғалып кеткен бала туралы хабары бар адамдардың мына телефондарға хабарласуын сұрайды:

52-60-54, 54-46-10, 52-68-12, 52-68-39, 52-67-11, 8-705-441-28-86 немесе «102».