Қостанайда студент қыздар қылмыс үстінде ұсталды

0
706

​Қостанайдағы колледждердің бірінің студенттері есірткі жасырып жүрген жерінен ұсталды.


Қостанайда студент қыздар қылмыс үстінде ұсталды

ERNUR.KZ. Қыздар есірткіні үйлердің кіреберістеріне, оның ішінде пошта жәшіктеріне жасырған. Олардан ақ ұнтақ салынған 50 түйіншек табылды, деп жазады sputnik.kz.

Жалдамалы пәтерді тінту кезінде 192 грамм синтетикалық есірткі заты – мефедрон тәркіленді. Қазіргі уақытта күдіктілер Қазақстан Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Жедел іздестіру іс-шаралары барысында 23 жастағы күдікті ұсталды, ол да осы "жұмыспен" айналысқан. Тінту кезінде одан жалпы салмағы 20,08 грамм болатын а-PVP есірткі психотроптық заты тәркіленді. Ұсталған азамат қамауға алынды", - деп түсіндірді полиция полковнигі Дүйсембай Байбосынов.
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
297-баптың 3-бөлігінде мұндай қылмыс үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, мүлкі тәркіленеді.
Қостанайлық полицейлер жыл басынан бері заңсыз айналымнан 1 килограмнан астам синтетикалық есірткіні тәркіледі.