Қостанайда тағы құбыр жарылып, 30 үй жылудан ажыратылды

0
503

Герасимов көшесінде жарылған жерасты жылу желісін қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілуде.


Қостанайда тағы құбыр жарылып, 30 үй жылудан ажыратылды

ERNUR.KZ. Қостанай қаласы көшелерінің бірінде жерасты жылу құбырында апат болып, 30 тұрғын үй кешені жылусыз қалды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Ауа райының жылынуына байланысты 20 желтоқсан күні сағат 09:00-ден бастап Герасимов көшесінде жарылған жерасты жылу желісін қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жарылған құбырдың диаметрі 400 мм. Осыған байланысты 30 тұрғын үй, яғни 2 164 абонент жылудан ажыратылды. Сағат түнгі 00:00 шамасында жылу желісі толық жөнделіп, жылу беріледі», - деп мәлім етті «Қостанай жылу энергетика«компаниясының баспасөз қызметінен.

Уақытша жылудан ажыратылған үйлердің мекенжайы:

- Герасимов көшесіндегі №2Б, №7, №8, №9, №10, №12 үйлер;

- Аэропорт шағынауданындағы №6, №7, №8, №9, №10, №12, №16, №17, №18, №19, №20, №21, №26, №28, №29, №30, №32, №33, №35, №35А, №38, №39, №45 үйлер;

- Аэропорт көшесіндегі №1 үй;

- № 29 орта мектеп пен «Қостанай» халықаралық әуежайының ғимараты.