Қостанайдағы түнгі клубтардың бірінде шешініп билеген жастардың видеосы тарады

0
1 444

Кадрлардан жалаңаш қыздардың үстелге шығып, билеп жатқанын көруге болады.


Қостанайдағы түнгі клубтардың бірінде шешініп билеген жастардың видеосы тарады

16 тамызда мессенджерлерде Қостанайдағы түнгі клубтардың бірінде түсірілген видео тарады, деп жазады stan.kz.

Кадрлардан жалаңаш қыздардың үстелге шығып, билеп жатқанын көруге болады. Кейін қыздардың бірі ер адамға шешінуге көмектескен. Сонымен қатар кеш жүргізушісінің "Шешініңдер" деп айқайлағаны естіледі.

Түнгі клубқа кеш барысында полиция қызметкерлері келіпті. Кейін оқиғаның барлық қатысушылары мен клуб иесі полиция департаментіне жеткізілді.

"Ұсталғандарға қатысты Әкімшілік кодекстің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бабымен іс қозғалды. Материалдарды шешім қабылдау үшін сотқа жіберді. Ал мекеменің иесіне қатысты құқық бұзушылықтың себебін жою туралы нұсқама берілді", – делінген полиция хабарламасында.