Оның достары мен таныстарына қаржылық мақсаттағы жалған өтініштер түсе бастаған.
ERNUR.KZ. ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің Telegram аккаунты бұзылды, деп жазады inbusiness.kz.
"Қайырлы күн, достар! Соңғы бірнеше аптада әлеуметтік желілердегі аккаунттарды бұзу, жалған аккаунттарды құру жағдайлары жалғасуда. Қаскүнемдердің құрбандарының арасында бизнесмендер, блогерлер, қоғам қайраткерлері және т.б. танымал тұлғалар да бар. Өкінішке қарай, менің атымнан Telegram-да достарым мен таныстарыма қаржылық мақсаттағы жалған өтініштер түсе бастады. Бұның барлығы да жалған екендігін айтқым келеді. Сақ болыңыздар!", – деп мәлімдеді Ерлан Қарин.