Үкімет басшысының айтуынша, Тәуелсіздік әрбір қазақстандықтың өз елі мен жерінің игілігі үшін атқарған қажырлы еңбегімен, дамыған және қуатты мемлекетте өмір сүруге деген ұмтылысымен нығая түседі.
ERNUR.KZ. ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесімен құттықтады, деп жазады ktk.kz
Үкімет басшысының айтуынша, Тәуелсіздік әрбір қазақстандықтың өз елі мен жерінің игілігі үшін атқарған қажырлы еңбегімен, дамыған және қуатты мемлекетте өмір сүруге деген ұмтылысымен нығая түседі. «Көпұлтты Қазақстан күллі әлемге халқымыздың күші бірлікте екенін және алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге деген батыл ұмтылысында екенін көрсетті. Барша қазақстандықты осы айтулы күн – Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен құттықтаймын. Сіздерге Қазақстан Республикасының одан әрі өркендеуі жолында жаңа табыстар мен жетістіктерге қол жеткізуді тілеймін! Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы құтты болсын!», - деп түйіндеді Министрлер кабинетінің басшысы.