Асқар Жәкенов ҚР Премьер-министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды.
ERNUR.KZ. ҚР Премьер-министрінің үкімімен Асқар Серікжанұлы Жәкенов ҚР Премьер-министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп жазады Zakon.kz.
Асқар Жәкенов 1975 жылы 13 қыркүйекте Қарағанды қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін және «Қайнар» университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1998 жылы Қарағанды қаласындағы «Каргормаш-ИТЭКС» ЖТАҚ-ында бастады. 1999 жылы ҚР Әділет министрлігіне жұмысқа қабылданды, онда жетекші маманнан бастап басқарма басшысына дейін қызмет етті.
2004 жылғы наурыздан бастап 2012 жылғы ақпанған дейін Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Кеңсесінің Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып еңбек етті.
2012 жылдың ақпан айынан 2013 жылдың шілдесіне дейін Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2013 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Кеңсесінің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.