Жарлық Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен Дәулетбек Құсайынов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
"Дәулетбек Қайырбекұлы Құсайынов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі қызметіне;
Шахрат Шәкизатұлы Нұрышев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды", - деп жазылған ресми құжатта.