ҚР Президентінің «Байқоңырдағы» арнаулы өкілі қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы ауысты

0
744

Қызылорда облысы әкімінің өкімімен аталған қызметке Нариман Мақұлбеков келді.


ҚР Президентінің «Байқоңырдағы» арнаулы өкілі қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы ауысты

ERNUR.KZ. ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасына жаңа басшы тағайындалды, деп жазады inform.kz.

Қызылорда облысы әкімінің өкімімен аталған қызметке Нариман Мақұлбеков келді.

Нариман Мақұлбеков 1968 жылы Қызылорда қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Қызылорда қаласындағы автобазада слесарь болып бастаған. Қарулы күштер қатарында әскери борышын өтегеннен кейін Қызылорда қалалық прокуратурасының тергеуші стажерінен облыс прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның департамент бастығына дейінгі қызмет сатысынан өткен. Жеке секторда - «Jfc colos» ЖШС директорының кеңесшісі болған. Сондай-ақ Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымында болды.

2021 жылдан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі қызметін атқарды.