Жолаушы билетті пойыздың станциядан аттануына дейін 1 сағаттан аз уақыт қалса және станциядан аттанғаннан кейін 1 сағат өткенге дейін онлайн қайтара алады.
ERNUR.KZ. Қазақстандықтар енді пойыздағы орынды онлайн кері қайтара алады. "Жолаушылар тасымалы" АҚ осы қызметті іске қосты, деп жазады sputnik.kz.
"2022 жылдың сәуір айынан бастап жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында "Жолаушылар тасымалы" АҚ төлем әдісіне (қолма-қол/ақшасыз есеп айырысу) және қай жерде сатылғанына қарамастан, барлық электронды жол жүру құжаты бойынша орындарды онлайн қайтару функциясын іске қосты", - деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" таратқан хабарламада.
Жолаушы билетті пойыздың станциядан аттануына дейін 1 сағаттан аз уақыт қалса және станциядан аттанғаннан кейін электронды билетте көрсетілген уақыттан 1 сағат өткенге дейін онлайн қайтара алады.