Қуандық Бишімбаевтың изоляторда төбелесіп қалғаны рас па?

0
219

Экс-министр әйелін өлтіргені үшін сотталған.


Қуандық Бишімбаевтың изоляторда төбелесіп қалғаны рас па?

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде азаматтық некедегі әйелін өлтіргені үшін сотталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанадағы тергеу изоляторында төбелес шығарды деген ақпарат тарады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Желіде тараған мәліметке сүйенсек, Бишімбаев изоляторда бірге отырған камераласымен сөзге келіп, оған дене жарақатын келтірген. Алайда ҚАЖК бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік туралы ескертеді», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, экс-министр Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушының өзі бұл үкімге келіспей, шағым түсірді. Бірақ апелляциялық алқа бірінші инстанциядағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырды.