“Қуанышымда шек жоқ”: ҰБТ-дан 140 балл алған мектеп түлегіне көлік тарту етілді

0
492

Оған "Juz40" білім беру орталығы сыйға тарту еткен.


“Қуанышымда шек жоқ”: ҰБТ-дан 140 балл алған мектеп түлегіне көлік тарту етілді

ERNUR.KZ. Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірде-бір сұрағынан мүдірмей, 140 балл жинаған Еңсебек Жаннұрға көлік тарту етілді, деп жазады ulysmedia.kz.

Еңсебек Жаннұр қуанышты хабарын өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаяды. Оған "Juz40" білім беру орталығы сыйға тарту еткен.

"Қуанышымда шек жоқ. ҰБТ-ға "Juz40" білім беру орталығында дайындалдым. Шүкір, үміт ақталды. "Hyundai Sonata"
автокөлігін сыйлаған орталыққа көп рақмет', - деді ол.

Еске салайық, Ұлттық бірыңғай тестілеуде рекорд орнатып, 140 балл жинаған Еңсебек Жаннұр Алматы облысы, Талғар ауданы, Қарабұлақ ауылының №22 жалпы білім беретін орта мектебінің түлегі.