ҚУАТТЫ ӨҢІРЛЕР: Ақмола облысы көшбасшылар қатарында

0
434

Өз кезегінде ел президенті облыс әкіміне аталған салалармен қоса, терең өңдеу бағытына басымдық беруді тапсырған еді.


ҚУАТТЫ ӨҢІРЛЕР: Ақмола облысы көшбасшылар қатарында

Қандай да бір елді алып қарасақ та, мемлекеттің алға жылжуына өңірлердің дамуы тікелей әсер етеді. 2021 жылы қабылданған «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» атты жобаның қалай пайда болғанын осын аңғарсақ та болады. Сәйкесінше, еліміздегі облыстар арасында Ақмола өңірі жыл сайын қарқынға-қарқын қосып, біршама оң нәтижеге қол жеткізіп келе жатыр.


Өткен жылғы өңірдің дамуы бойынша ел Президентінің қабылдауында есеп берген облыс өкімінің айтуынша, облыс экономикасына тартылған инвестиция көлемі былтыр 530 млрд, теңгеге жетсек, оның 435 млрд. теңгесі жеке салым болған. Жалпы жүз елуден астам инвсетициялық жоба жүзеге асып, бір жарым мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылыпты.Сондай-ақ, бүгінгі таңда негізгі бағыттарға айналып отырған ауылшаруашылығы, қайта өңдеу, тұрғындарды жылумен қамту, сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету сынды салалар жандана түскен. Одан бөлек, облыс орталығын жан-жақты өркендету мақсатында Бас жоспар дайындалып, қаладағы экология, инфрақұрылым, көші-қон, орналасу бағыттарына ерекше көңіл бөлінген. Өз кезегінде ел президенті облыс әкіміне аталған салалармен қоса, терең өңдеу бағытына басымдық беруді тапсырған еді.


Облыс әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, бүгінде өңір ауыл шаруашылығы саласы бойынша көшбасшылардың біріне айналып, елге қажетті бидайдың 25 пайызға жуығын өндіріп жатыр екен. Тіпті, былтырғы жауын-шашынды ауарайы кедергі келтіргеннің өзінде үш млн. тоннадан аса өнім жинаған. Сонымен қатар, ет өнімдерінің көлемі 170 мың тоннаға жуықтап, 350 мың тоннадан астам сүт өнімдері, 600 миллион данадан аса жұмыртқа шығарылған екен. Елуден астам ет-сүт бағытындағы кәсіпорындар құрылып, былтыр Ақмола облысы құс шаруашылығы бойынша көшбасшылардың бірі болған. Жалпы, ауылшаруашылығы саласында өндірілген тауар көлемі 664 млрд. теңгеге жеткен.


Ал, өндіріс саласындағы өнім көлемі 1 триллион 417 миллиард теңгеге жетіп, шағын және орта бизнес нысандарының саны 60 мыңға жуықтаған. Мамандардың сөзіне сүйенсек, мұндай оң динамиканың орын алуына негізхгі капиталға тартылып жатқан инвестициялар әсер еткен көрінеді. Осы орайда, облысқа тартылған инвестицияның көпшілі жасыл экономикағ бағытталғанын айта кеткен жөн. Облыста энергия орталықтарынан бөлек, былтыр құс өнімдерін өндіретін фабрикалары және қонақүй жобалары іске асырылған.


Көкшетау шаһары мен Зеренді ауданында ауқымды агроөнеркәсіп кешендері қолға алынып, сағатына 20 тоннаға жуық жем өндіретін және өнеркәсіпті алмаз қоспасын шығаратын қос зауыттың құрылысы жандана түскен. Сонымен брге, өңірде металл құрастырғыштар мен электролиттік марганец өндіру ісі де қолға алынбақ. Оған қоса, облыс орталығында 24 сағатта елу мың текше метр су өңдейтін нысан мен электр орталығын салу жобалары да қаралып жатыр екен.


Ақмола облысында автокөлік жолдары мен транзиттік жағдайды жақсарту бағытындағы жұмыстар да жүзеге асып жатыр. Осы ретте, өткен жылдың өзінде 1000 шақырымға тарта жолды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жүзден аса елдімекеннің көлік байланысы жақсара түскен. Одан бөлек, жалпы көлемі 550 мың шаршы метрді құрайтын баспаналар қолданысқа беріліп, бес мыңға тарта отбасы баспаналы болған. Одан бөлек, ел қазынасы есебінен елуден астам көпқабатты тұрғынүй салыну үстінде. Тағы бір жағымды жаңалық – былтыр өңір тұрғындарын сапалы ауызсумен қамту көрсеткіші 95 пайыздан асқан. Бұл тұрғыда 2023 жылы су саласында жиырма бір млрд. теңгенің жұмыс атқарылыпты.


Өңірлердің өркендеуінде сапалы білім беру және жоғары дәрежедегі медициналық қызмет бағыттары да маңызды орын алады. Сәйкесінше, өткен жылы бұл бағытты дамытуға 325 млрд. теңгеден аса ақша бөлініп, көптеген білім беру мекемесінің құрылысы басталған. Дәлірек айтсақ, былтыр үш жарым мың оқушыны қабылдай алатын бес жаңа мектеп ашылса, тағы жеті мектептің құрылысы жалғасып жатыр. Ал, биыл мемлекет басшысының тапсырмасымен іске қосылған «Жайлы мектеп» ұлттық бағдарламасымен он сегіз мектеп тұрғызу жоспарланса, жартысының іргетасы қаланып, құрылыс жұмыстары басталып кеткен. Олар биыл пайдалануға берілетін болса, биыл тағы тоғыз білім ұясының құрылысы қолға алынып, келер жылы қолданысқа берілмек. Нәтижесінде, аталған жұмыстар 3 ауысымды мектептер мәселесін түбегейлі шешуге жол ашпақ. Ал, ауылдық жерлердегі денсаулық сақау саласын жақсарту бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар аясында Ақмола облысының ауылдарында қырыққа жуық нысан және екі бірдей аудандық емхананы күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Сонымен қатар, 2023 жылы өңірдегі ауылдық елді мекендерге қызмет ету үшін жүз отыздан аса маман барған. Оның жартысынан астамы оқуды енді бітірген жастар екен. Осылайша, облыстағы медицина мамандарының тапшылығы жиырма пайыздан астам дәрежеде шешімін тауыпты. Одан бөлек, облыста жұмыссыздық деңгейін төмендету арқылы тұрғындардың әлеуметтік ахуалын жақсарту, тұрғындардың табысын көбейту бағдарламалары табысты іске асырылып, былтыр отыз мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылыпты.


Сонымен қатар, облыс экономикасына оң әсерін тигізетін туризм саласы бойынша өңірде алты жүзден аса кәсіпорын жұмыс істеп, онда жиырма мыңнан аса тұрғын еңбек етеді екен. Облыс әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, өңірдегі туристік аймақтарға жыл сайын бір млн-ға жуық саяхатшы келетін көрінеді. Нәтижесінде былтыр аталған салада 17 млрд. теңгеге жуық көлемде қызмет жасалып, жергілікті бюджетке екі миллиард үш жүз миллин теңге салық түсіпті. Оған қоса, қазіргі уақытта өңір туризмін ілгерілеті мақсатында жыма үш млрд. теңге инвестиция тартылып, алпыстан астам жоба іске асырылып жатыр екен.


Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ