Ұшақта өзіңізді жайлы сезіну үшін тым қатты тойып тамақтанбаңыз әрі өзіңізбен де көп тағам алмаған жөн.
Сурет: i.pinimg.com
Ұшақта тамақ берілуі әр авиакомпанияда әртүрлі. Кей рейстерде тамақ мүлде болмайды, кейде билеттің бағасына кірмейді. Сондықтан егер сізде арнайы диета болса, баламен ұшсаңыз, немесе борттағы мәзір ұнамаса, өз тамағыңызды алып міне аласыз. Алайда, бұл үшін алдын ала дайындалған дұрыс. Әсіресе қандай өнімдерді алып кіруге болатыны және болмайтыны туралы.
Ұшаққа өз тамағыңды алып мінуге бола ма?
Иә, дұрыс оралған, иісі өткір емес, ағып кетпейтін және қол жүгі нормасына сай келетін кез келген тамақты алуға болады. Мысалы, бутербродтар (қатты ірімшікпен), печенье, чипсы, кептірілген жеміс, шоколад, крекер, жаңғақтар, жеміс-жидек, көкөністер, үйден дайындалған тамақ (салат, ботқа, макарон, котлет және т.б.).
Егер тағам сұйық болса (ботқа, пюре, сорпа), онда 100 мл-ден аспайтын ыдысқа құйылуы керек.
Бортсеріктен тамағыңызды ысытып беруін сұрауға болады. Олар келісуі де, бас тартуы да мүмкін, ережелер әр рейсте әртүрлі.
Бастысы, өнімдер мына талаптарға сай болуы керек:
- авиакомпанияның тыйым салынған заттар тізімінде болмауы
- қол жүгі өлшемі мен салмағынан аспауы
- халықаралық рейс болса, кеден бекіткен тыйымдарға қайшы келмеуі
- ауа кірмейтіндей (герметикалық) етіп оралған болуы
Егер қандай да бір өнімді өткізетініне күмәндансаңыз, авиакомпанияның call-орталығына хабарласып сұрай аласыз.
Қандай өнімдерді шетелге алып кіруге болмайды?
Әр елдің өз шектеулері бар. Мысалы:
- Түркия — ет, сүт өнімдері, үй арақ-шарабы;
- Еуроодақ елдері, Франция — ет және сүт өнімдері;
- АҚШ — ет, сүт, жемістер, көкөністер;
- Испания, Ұлыбритания — ЕО-да шығарылмаған ет және сүт өнімдері;
- Сауд Арабиясы — шошқа еті, майы және т.б.
Шетелге ұшқанда міндетті түрде елдің кеден ережесін тексеріңіз.
Ұшаққа сусын алып кіруге бола ма?
Көп авиакомпанияда 100 мл-ден аспайтын сұйықтықты ғана алып кіруге болады. Максимум — 10 дана (барлығы 1 литр). Литрлік термоспен шай алып кіруге болмайды.
Лайфхак: бақылаудан өткеннен кейін (Duty Free жанында) сатып алынған сусындардың көлемі шектелмейді.
Ресей және Қазақстан авиакомпанияларында суды өзіңізбен алмай-ақ, бортсеріктен сұрап ішуге болады. Бұл рейстерде әрдайым тегін су қарастырылады.
Қандай өнімдер сұйық болып есептеледі?
Жай сусындар ғана емес, мыналар да сұйық саналады:
- бал
- май
- тосап, джем
- йогурт, қаймақ
- ірімшік (жұмсақ)
- сорпа
- тұздықтар
- паштеттер
- консервіленген өнімдер
Балалар тағамына қатысты ережелер
Баламен ұшсаңыз, әдетте ұшаққа:
- кез келген көлемде су
- печенье
- балалар пюресі
- шырын
- сүзбеше алуға рұқсат.
Бірақ кей авиакомпанияларда шектеу болуы мүмкін, сондықтан бұл сұрақтың да жауабын алдын ала іздеу қажет. Авиакомпанияның байланыс операторы, арнайы сайттары көмекші болады.
Қандай өнімдерді жолжүгіне салуға болмайды?
- кокос жұмсақ еті (өздігінен жану қаупі бар)
- дуриан (өте жағымсыз, өткір иісті болғандықтан)
- джекфрут (дурианға ұқсас, сол себепті көп жағдайда өткізбей қояды)
Алкоголь: 24%-дан төмен – шектеусіз, 24–70% - 5 литрден аспау керек.
Ұшу кезінде жақсы сақталатын тағамдар:
- банан, алма, мандарин
- құрма, өрік, жаңғақ
- круассандар, булочки
- буррито, лавашқа оралған тауық
- қатты ірімшік
- кепкен жемістер қосылған батончик
Ұшаққа алмаған дұрыс:
- сарымсақ, балық иісі бар тағамдар
- тез бұзылатын салаттар (майонезбен)
- сұйық сорпа
- ашық контейнердегі тағам
- газды су бөтелкесі (қатты шайқалса, ашқанда фонтандай атылуы мүмкін)
Ұшақта өзіңізді жайлы сезіну үшін тым қатты тойып тамақтанбаңыз әрі өзіңізбен де көп тағам алмаңыз. Ұшақта ауырлық сезінуіңіз мүмкін. Сондай-ақ, тұзды тағамды көп жемеңіз. Жоғарыға шыққанда қатты шөлдеп, аузыңыз құрғап, кеңсірігіңіз кебуі ықтимал.
Дайындаған: Бауыржан ЕРМАН,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
Қазақстан жеріндегі ЕҢ ӘДЕМІ әрі ЖАСЫРЫН табиғи локациялар (құпия бағыттар)


