Іздеу жұмыстарына БҚО ТЖД күштері, ҚР ТЖМ 20982 әскери бөлімінің 2-құтқару батальоны, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және жергілікті тұрғындар тартылды.
Сурет: видео скрині
Алдын ала мәлімет бойынша, ол 15 желтоқсанда мал суару үшін елді мекеннен шамамен 5 шақырым қашықтықта орналасқан құдыққа қарай шығып, оралмаған. Өзімен бірге ұялы телефон болмаған.
Іздеу жұмыстарына БҚО ТЖД күштері, ҚР ТЖМ 20982 әскери бөлімінің 2-құтқару батальоны, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және жергілікті тұрғындар тартылды.
Іздеу жұмыстары үздіксіз жүргізілді. Сонымен қатар әуеден барлау жүргізу үшін ҚР ТЖМ "Қазәуеқұтқару" АҚ-ның МИ-8 тікұшағы жедел түрде жұмылдырылды.
"Іздеу-құтқару жұмыстарының нәтижесінде ер адам бастапқы іздеу аймағынан 30 шақырым қашықтықта, Ақжайық ауданына қарасты "Бахас" қыстауынан табылды", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Жағдайы қанағаттанарлық. Оған медициналық көмек қажет болмады.


