Құлсарыда вирусты инфекциядан 3 жасар бала көз жұмды

0
2 224

3 жасар қыз бала аса ауыр жағдайда түскен. Бүлдіршінде құрыспа, диарея, сусыздану, жоғары дене қызуы, бас миының ісігі болған.


Құлсарыда вирусты инфекциядан 3 жасар бала көз жұмды

ERNUR.KZ. 6 қаңтарда Құлсарыдағы медициналық мекемеде 3 жасар қыз бала көз жұмды. Тағы бір 3 жасар ер бала Атырау қаласына жіберілген. Бұл туралы Жылыой аудандық ауруханасы директорының орынбасары Клара Тағамбаева айтты, деп жазады nur.kz.

Әлеуметтік желілерде Жылыой ауданынан Атырауға коронавирустың ауыр түрімен ауырған бірнеше баланың түскені туралы ақпарат пайда болды. Құлсарының 6 айлық және 6 жастағы тұрғындары комаға түскені айтылған.

Алайда Клара Тағамбаеваның сөзінше, аудандық ауруханада өте қиын деп бағаланған екі жағдай болған. 5 қаңтарда емдеу мекемесіне екі бала жеткізілген.

3 жасар қыз бала аса ауыр жағдайда түскен. Бүлдіршінде құрыспа, диарея, сусыздану, жоғары дене қызуы, бас миының ісігі болған.


"Мұның барлығы вирусты инфекцияның салдары. Нейротоксикоз дамып кеткен", - дейді аудандық аурухана директорының орынбасары.


Кішкентай пациентті облыс орталығына жеткізу мүмкін болмағандықтан, мамандар Құлсарыдан санавиациямен әкелінген. Ақ халаттылардың барын салғанына қарамастан баланы құтқару мүмкін болмапты.

Дәрігер 3 жасар ер баланың да ауыр жағдайда болғанын атап өтті. Ол жоғары дене қызуы, құрыспа, бас миының ісігімен түскен. Бүлдіршін Атырауға жеткізіліп, қазіргі уақытта ем қабылдап жатыр.

Балалардан COVID-19-ға сынама алған, ол теріс нәтиже көрсеткен.