"Күн жылынады": Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

0
1 171

Температура жоғарылайды, бірақ жауын-шашынды болады.


Қазгидромет 2019 жылғы 26-28 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атмосфералық фронттар Қазақстан аумағына жылжып, жауын-шашын тудырып, республиканың солтүстік жартысында ауа температурасының айтарлықтай көтерілуіне әкелді.

Алдағы үш тәулікте циклон және фронтпен байланысты жоғарғы барикалық жыра әлсіреп, Батыс Сібірдің оңтүстігіне қарай жылжыйды, ал тропосфералық ағындар (5 км-ге жуық биіктікте) ендікке ауысуын бастайды.

Осыған байланысты Қазақстанға Атлантикадан жылы және дымқыл ауа түсе бастайды, соның әсерінен республиканың бүкіл аймақтарында температураның жоғарылауын тудырып, кей жерлерде қар, тұман және көктайғақ күтіледі.