Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Панфилов ауданының аумағында 39 жастағы ер адам ұсталды.
Жетісу облысында ақбөкен мүйізін заңсыз сақтап, мемлекетке 1 млрд 284 816 000 теңгенің шығынан келтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Polisia.kz. сатына сілтеме жасап.
6 маусымда Жетісу облысы бойынша ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, Шекара қызметі мен ҰҚК департаменті қызметкерлерімен бірлесе отырып, өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ олардың бөліктері мен дериваттарымен заңсыз айналысқан күдіктіні ұстады.
Табылған мүйіздерге олардың шығу тегі мен түпнұсқалығын анықтауға мүмкіндік беретін сот-биологиялық сараптама тағайындалды. Келтірілген з шығын 1 млрд 284 816 000 теңгені құрады.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, істің барлық мән-жағдайлары мұқият зерттеліп жатыр.