Құны 6 миллиард теңгеден асатын мүлік пен пәтерлер мемлекетке қайтарылды

0
364

​Бас әскери прокурордың талабы бойынша Жоғарғы сотпен құны 5 миллиард теңгеден асатын Қорғаныс министрлігінің қорғаныс нысаны қайтарылған.


Құны 6 миллиард теңгеден асатын мүлік пен пәтерлер мемлекетке қайтарылды

ERNUR.KZ. Биыл әскери прокуратура органдарының белсенді жұмысының нәтижесінде сомасы 6 миллиард теңгеден астам мүлік мемлекетке қайтарылды, деп жазады tengrinews.kz.

Бас әскери прокурордың талабы бойынша Жоғарғы сотпен құны 5 миллиард теңгеден асатын Қорғаныс министрлігінің қорғаныс нысаны қайтарылған.

"Алматыда көлемі 16 мың шаршы метрден асатын 10 қоймадан, 2 әкімшілік ғимараттан, 2 өндірістік цехтан тұратын мүліктік кешен 20 жыл бойы жеке тұлғаның сенімгерлік басқаруында болған. Қазіргі уақытта қайта тіркеу рәсімі жүріп жатыр, одан кейін нысан қорғаныс қажеттіліктері үшін пайдаланылады. Сондай-ақ, қадағалау актілері бойынша құны 180 миллион теңге болатын 22 жер телімі армияға қайтарылды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 25 жылдан астам заңсыз иелікте болған, жалпы құны 400 миллион теңге болатын 200-ден астам қызметтік пәтер мемлекет балансына қойылып, олар тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерге таратылатыны айтылды.